Главное

Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласының орталығын аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде Қонаев қаласының орталығын жаяу жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімімен бірге Қонаев қаласының орталығын аралады», — делінген «Борт №1» Telegram-арнасындағы хабарламада.

Еске салсақ, бүгін Президент жұмыс сапарымен Алматы облысына келген болатын. Өңір жұртшылығымен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек екенін айтқан еді.

Другие новости

Back to top button