Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды. Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады.
“Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысатыны айтылды.