Главное
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румен Радев кездесуінде қандай келісімдер жасалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария президенті Румен Радев кездесуінде қандай келісімдер жасалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарды алмасу рәсімі өтті:
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Болгария Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- Астана мен София қалалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Шымкент және Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.