ГлавноеГосорганы

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы 19 қыркүйекте JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен кездеседі.

«20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.

 

Другие новости

Back to top button