Алматинская областьВыбор редакции

Қасқырдың еті 10000 теңгеден сатылып жатыр

Алматы облысында біреулер қасқыр, мысық және кептерді етке сатуға шығарған. Олар түз тағысының етін 10 мың теңгеге бағалапты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы The Village сайты жазды. Онда жабайы және үй жануарларының етін сатылымға шығарғандар туралы айтылған. Мәселен қасқырдың еті 10 мың теңгеге бағаланса, мысық пен көгершін бес мың теңгеден сатылған.


Olx.kz интернет-платформасында жарық көрген жарнамалар қазір алынып тасталған. Бірақ желі қолданушылары оларды скриндеп ғаламторда таратып жатыр. Мұндай жарнаман кімдер бергені әзірге белгісіз.

 

 

Другие новости

Back to top button