ГлавноеГосорганы

Қасиетті кітапты өртеу – халықтар мен діндер арасындағы дұшпандықты қоздыратын вандализм — Мәулен Әшімбаев

Қасиетті кітаптарды өртеу, діни рәміздерді қорлау – халықтар мен діндер арасындағы дұшпандықты қоздыратын вандализм. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz  ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

 

Съез хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қазіргі уақытта арандатушылар теріс пиғылымен дінге сенушілердің діни наным-сеніміне манипуляция жасауы өршіп тұрғанын айтты. Бұл барлық елде үлкен алаңдаушылық тудырып отыр деді.

«Қасиетті кітаптарды өртеу, діни рәміздерді қорлау – халықтар мен діндер арасындағы дұшпандықты қоздыратын вандализм. Қазақстан Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында айтқандай, мұндай жол беруге болмайтын әрі тағылық әрекеттерден сөз бостандығының нышаны білінбейді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Әшімбев  халықаралық шиеленістің өршу жағдайында жаһандық диалог пен сенімді нығайтатын жаңа әдістер табу қажет деп есепатейді.

«Қазіргі әлемдегі проблемалардың басым бөлігіне адамгершілік дағдарыс негіз болып отырғаны айқын. Материалдық игілік, табиғат пен қоршаған адамдарға тұтынушылық қарым-қатынас ізіне түсу, адамгершілік басымдықтарының құлдырауы адамзат қоғамына теріс ықпалын тигізеді. Мұндай жағдайда іргелі және адамгершілік құндылықтарының қорғаушысы ретіндегі әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі зор маңызға ие», — деді Сенат төрағасы.

 

Другие новости

Back to top button