Выбор редакцииСоциум

«Қарым-қатынасы мен жұмысқа көп уақыт бөлгенін еске алады»: Медбике өлім аузындағы адамдардың көбіне неге өкінетінін айтты

Паллиативтік көмек медбикесі Джули Макфадден науқастардың өлім алдында бөлісетін ең көп таралған үш өкініші туралы айтты. Сонымен қатар маман адамдардың өлім туралы ұмытпай оған әркез дайын жүру маңызды екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Джули Макфадденнің Лос-Анджелесте өлім аузындағы науқастарға күтім жасауда 15 жылдан астам тәжірибесі бар. NHS хирургі доктор Каран Раджанмен подкастта медбике адамдардың өлім алдында қандай дүниелерді бастан кешетінін баяндады. Айтуынша олардың ең көп айтатыны денсаулығы бар кездерін дұрыс бағаламағаны үшін өкінеді екен.

«Үнемі еститін бірінші нәрсем — көбісі өз денсаулығын бағаламағанына өкінеді. Олар жұмыс істеуге қабілетті денені қайта сезінсем ғой деп айтады», – деді медбике.

Ал адамдардың жиі айтатын екінші өкініші тым көп жұмыс істегенін мойындап, уақытын өмір бойы жұмысқа арнағанына өкінеді. Содан кейін ол өлім аузындағы науқастардың қарым-қатынас құруда да өкініштері барын да алға тартты. Айтуынша, олар белгілі бір қарым-қатынас пен достықты сақтамағанына, біреулерге ашуланып, кек сақтағанына өкінген. Тіпті көптеген науқастар өзгелердің ойынан шығу үшін өмір сүргеніне қынжылған екен.

Медбике сонымен қатар, адамдардың көбіне өлім туралы ұмытып, ешқашан өлмейтіндей өмір сүретінін алға тартты.

“Бірнеше жыл бұрын 20 жасымда панкреатитпен ауырған әйелді көрдім. Ол үш сағат ішінде жансақтау бөлімінде интубацияда, желдетіліп, келесі күні қайтыс болды. Ол жас еді. Осы оқиға мені ойландырып қойды. Қазір мен 34 жастамын. Өмір көзді ашып-жұмғанша өтіп кетуі мүмкін. Мұны әдеттегідей қабылдамаңыз, кейде біз өлмейтін сияқты жүре береміз”, – деп қосты ол.

Макфадден ханым бұған дейін YouTube арнасында өлімнің лас әрі соншалықты әдемі келмеуі де мүмкін екенін айтқан.

Ол адамдар ауырсынуды, ентігуді, тіпті есінің шатасуы мен жалпы хаосты сезінуі мүмкін екенін түсіндірді. Сондықтан ол адамдарға іштей бәріне дайын болуға әсіресе осы тұрғыда білім алып, өзінің ішкі дүниесіне назар салуға кеңес берді. Айтуынша, мұндай сәтте адамның не күтетінін, ненің қалыпты, ненің қалыпты емес екенін білу өте маңызды.

«Сіз бұл кезде бұрын жасағандарыңыздың бәрін істей алмайсыз. Тіпті өз бетіңізше өмір сүре алмайсыз. Бұл қиын, оны қабылдау да қиын. Алайда мұны қазірден түсіну сізге дайындалуға көмектеседі», — деп қосты ол.

Другие новости

Back to top button