Госорганы

Қаруды өз еркімен тапсырған қазақстандықтарға ІІМ қанша сыйақы төлейді

Қарудың жағдайына қарай 345 мың теңгеге дейін сыйақы көзделген

Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға ІІМ сыйақы төлейді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, қаруды өтемді тапсырғаны үшін төлем мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігіне 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейін әртүрлі болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді. Мысалы, автоматты ойық қаруды тапсырған азамат 100 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 345 мың теңгеге дейін ала алады», — деді ол.

Ыдырысов атағандай, ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін 172 мың теңгеге дейін төленеді.

«Тапаншалар мен револьверлер үшін 138 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлеу болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі 103 мың теңгеге бағалануы мүмкін.Травматикалық тапаншалар үшін 34 мыңға дейінгі мөлшерде төлеу болжанады.Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат беріледі, олар барлығы 3 санатқа бөлінеді. 1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 100%-ы, 2-санатқа 70%-ы, 3-санатқа 30%-ы есебінен жүргізіледі», — деді ол.

Другие новости

Back to top button