Госорганы

Қаржы пирамидасын енді Telegram бот арқылы анықтауға болады – ҚМА

Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды

ҚМА әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекетінен қорғануға көмектеседі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Компанияның шын мәнінде қаржы пирамидасына жататынын білу үшін азаматтар компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізуі керек.

Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес.

«2022 жылы ҚМА қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды», — деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

Другие новости

Back to top button