ГлавноеГосорганы

Қаржаубай Нұрымовтың үстінен жаңа іс қозғалды: адвокат мәлімдеме жасады

Полиция марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы оның адвокаты Асқар Қаймақов хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Адвокаттың мәлімдемесіне сәйкес, Нұрымовқа қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша айып тағылған. Қазір Шерзат Полаттың әкесі бұзақылық бабымен қамауға алынған, қорғаушы оған берілген жазаны заңсыз деп санайды.

Қаймақов сот процесінде елеулі заңсыздық болғанын айтады. Ол сондай-ақ Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінен кейінгі оқиғада «Қаржаубай Нұрымовты туыстары мен адвокаттары ұстауды сұрады» деген полицияның мәлімдемесін жоққа шығарды.

– Туыстары қаза тапқан Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға келісім бермеді, — деп атап өтті адвокат.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген.

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Другие новости

Back to top button