Назначения и отставки
Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне қайта тағайындалды
Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды деп хабарлайды Ақорда .
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген сейсенбіде тараған мәліметте.
Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігін 2021 жылғы шілдеден бастап басқарып келеді, оған дейін 2021 жылғы сәуірден шілдеге дейін Қаржы вице-министрі болған. Одан бұрын 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін «ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасы болды.