Госорганы

Қарашадан бастап Астана – Павлодар бағытында тікелей әуе рейстері ашылады

1 қарашадан бастап аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана – Павлодар авиамаршруты іске қосылды. Бұл жөнінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапарында Астана-Павлодар бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін ашуды тапсырған еді. Комитет бұл жұмыс сол тапсырманы орындау шеңберінде атқарылғанын атап өтті.

Нәтижесінде биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап Qazaq Air авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана-Павлодар авиамаршрутын іске қосты, – делінген Комитет таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұл бағыттағы билеттер құны 10 мың теңге көлемінде және оны сату бүгін кешке басталады.

Другие новости

Back to top button