ГлавноеСпорт

Қарасай ауданы, Абай ауылында FootballFest футбол фестивалі өтеді

2022 жылдың 17 қыркүйегінде #AuylFootball жобасының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылында «FootballFest» футбол фестивалі өтеді. Бас демеушісі ХоумКредит Банк!

Фестиваль бағдарламасында:

— тәжірибелік жаттықтырушылардан шеберлік сабақтары;
— ата-аналар мен балалардың қатысуымен эстафеталық жарыс;
— 7-9 жас аралығындағы балалардың қатысуымен «АуылФутбол Достық» достық шағын турнирі;
— футбол викторинасы;
— бағалы сыйлықтар ұтысы;
— концерттік бағдарлама;
— фестивальдің белсенді қатысушыларын марапаттау.

Фестивальге Абай, Райымбек, Қырғауылды, Бұлақты ауылдарының кез келген тұрғыны, сонымен қатар ауылымыздың қонақтары қатыса алады.

Эстафета, шағын турнир және футбол викторинасының үздік қатысушылары сертификаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

#АуылФутбол жобасының менеджері Серік Мәмбетовтің айтуынша, FootballFest фестивалі #АуылФутбол жобасының жоспарланған іс-шарасы және салауатты өмір салты мен футболды насихаттау мақсатында өткізіледі.

«Біз бұл туралы көптен бері ойланып, тіпті жоспарымызға енгіздік. Футбол тек жаттығу мен жарыс емес. Футбол айналасында болып жатқан оқиғаларға да байланысты қызықты. Бұл отбасы, достар, көршілеің басын қосып бір-бірімен қарым-қатынас болып көңілді уақыт өткізудің қуанышы. Бұл мәдениет, бұл ұжымшылдық рухындағы тәрбие. Мұның бәрі футбол сияқты тамаша спорт түрін жасайды. Сондықтан біз жаттығулар мен жарыстарда циклмен жүрмей, футболды оның кез келген түрінде насихаттайтын боламыз», – дейді С.Мәмбетов.

Бұған дейін #АуылФутбол жобасы аясында 30-дан астам турнир, екі футбол демалысы, сондай-ақ Балалар жылы мен Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар өткізілген.

#АуылФутбол жобасы ауылдық балалар футбол клубтарын жаттығу құрал-жабдықтарымен, формамен қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсетуді көздейді. Сонымен қатар жаттықтырушыларға семинарлар өткізеді. 2,5 жылдың ішінде 60-тан астам футбол клубтары қолдау тапты.

Другие новости

Back to top button