Выбор редакцииКарагандинская область
Қарағандыда сауда үйінің жанынан әйелдің денесі табылды
Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады
Қарағандыда сауда үйінің жанынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
31 желтоқсан күні сағат 9:47-де Қарағанды қаласының 12 шағын ауданындағы «Аян» сауда үйінің маңында 71 жастағы зейнеткердің мәйіті табылған. Әйелдің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмаған.
«Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.