Карагандинская область

Қарағандыда полиция көлігі жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Бүгін, 16 мамырда сағат 11.30 шамасында Қарағандыда полиция көлігі мен екі көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Қарағанды қаласының 7 магистраль айналма жолында «Лада Веста» қызметтік автокөлігі, «Фотон» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Веста» автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады полициядан.

Қазір болған оқиға фактісін полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындап жатыр.

Другие новости

Back to top button