Костанайская область

Қарағандыда отбасы діни сенімі үшін өлім аузындағы қызына қан құюға рұқсат бермеген

Қарағандыда Иегова куәгерлері дәрігерлерге ауыр жағдайда жатқан қызға қан құюға рұқсат бермей отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылының маңында болған жол апаты болып, 25 жастағы қыздың омыртқасы екі жерден сынған. Оның омыртқасына шұғыл ота жасау үшін қан құю қажет. Алайда оның туыстары діни сенімдеріне байланысты рұқсат бермеді.

«Діни сенімге қатысты бұдан бас тартамыз. Біз Құдайға мойынсұнғымыз келеді. Мысалы қазақтар шошқа етін жемейді. Ал біз қан құймаймыз! Әлемде тіпті жүрек трансплантациясы қан құюсыз жасалады. Бүкіл Еуропа, бүкіл Америка қан құюсыз ота жасауға тырысады”, – деді ер адам.

Айтуынша, бұл нәрседен С гепатиті мен ЖИТС-ті жұқтыру қаупі бар. Ол гемоглобин деңгейі табиғи жолмен қажетті көрсеткіштерге көтеріле алатынын айтады.

«Үш күн ішінде гемоглобин 15 бірліктен астам көтеріледі. Ендеше өзге қанды құйып не керек? Гемоглобин қалпына келе алады. Отбасымыз сапалы емді қолдайды. Бірақ қан құюсыз», – дейді туысы.

Еске сала кетейік, Көкшетауда ата-анасы қан құюдан бас тартып, екі жасар қыздың мерт болғаны айтылды.

Другие новости

Back to top button