Карагандинская область

Қарағанды — Теміртау жолында 200-ден астам жүк көлігі тұр

Қарағанды — Теміртау тас жолында 200-ден астам жүк және 50 жеңіл автокөлік тұр. Кептеліс қатты боран салдарынан түзілген, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.

Қарлы боран Қарағанды — Теміртау республикалық жолында кептеліс тудырды. Оқиға орнында полиция, ТЖД және 1Қазавтожол1 қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты елді мекенде қалып, алыс жолға шығудан бас тартуларыңызды сұраймыз. Біз қазір Теміртау — Қарағанды автожолында тұрмыз. Мұнда 50 жеңіл автомобиль және 200-ден астам жүк көлігі тұрып қалған. Сақ болыңыздар, қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар», — деді Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Алдияр Маратов.

Полиция департаменті бір сағат ішінде жол ашылатынын, жол қызметтері жолды қардан тазартып жатқанын мәлім етті.

Другие новости

Back to top button