Госорганы

Қарағанды облысының 176 ауылында таза су жоқ– Тоқаев

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Балқаш көлінің де күрт тартылып бара жатқанын айтты

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барған жұмыс сапары барысында өңірді сумен қамту және Балқаш көлінің мәселесі туралы айтты, деп деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Облыстағы 176 ауылда таза су жоқ. Биыл 37 елдімекенге таза су беріледі. Басқа ауылдарды көп созбай сумен қамту қажет. Соңғы жылдары Балқаш көлі күрт тартылып барады. Еліміздің орталығын сумен қамтамасыз ететін Сәтбаев каналының техникалық жағдайы мәз емес. Білікті мамандармен бірлесіп, осы екі мәселені мұқият зерттеуді тапсырамын», — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, көлді сақтау және каналды қалпына келтіру үшін барлық шаралар қабылдануы керек.

«Қазір суды тазартып, тұшытатын заманауи технологиялар баршылық. Қандай шөлді жер болса да, халықты ауызсумен қамтамасыз етуге болады. Әкімдік ірі бизнес өкілдерімен бірге бұл жұмысты мықтап қолға алуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Другие новости

Back to top button