Карагандинская область
Қарағанды облысында атыс болды: зардап шеккен адам бар
Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр кентінде атыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Кадрларда қолында мылтық ұстаған екі адам көрінеді. Атысқа не себеп болғаны әлі белгісіз.
Полиция оқиғаның барлық қатысушылары анықталғанын айтты. Бір адамның аяғына оқ тиген.
– 31 наурызда Ағадыр кентінің медициналық мекемесіне аяғына оқ тиген адам жүгінді. Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалған мәліметтер анықталып жатыр.