Қар және қар түрінде жаңбыр жауады: Синоптиктер қыстың соңғы аптасына арналған ауа райы болжамын жариялады

Республиканың оңтүстігінде қар жауады. Қазгидромет қыстың соңғы күні суық болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде «Оңтүстік» циклонының ықпалы сақталады. Сол үшін республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болады.
27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қалың қар жауады. 27 ақпанда түнде тұман, көктайғақ, жел күшейеді деген болжам бар, республиканың оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да жоғары желдің күшеюі ықтимал.
Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста, шығыста, республика орталығында 12-28 градус аязға дейін, солтүстікте 15-25 градус аязға дейін төмендемек. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста аздап 1-10 градус аязға дейін көтеріледі, батыста негізгі фондық ауа температурасы 5-20 градус аяз болады.