ҚауіпсіздікҚауыпсіздікОтношенияСоциум

«Қар аралас жаңбыр, көктайғақ болады»: Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет еліміз бойынша 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптасады. Бұл ауа-райының тұрақсыз болуына әсер етеді.

Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжануда. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.


Республика бойынша тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Другие новости

Back to top button