Алматы

Қаңтар оқиғасының басты істерінің бірі: кім қанша жылға сотталды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты басты істердің бірі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

БЕРДАХҚА ҮКІМ

«Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған, Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Бердах Бекетовке үкім шықты. Ол сот үкімімен бірнеше бап бойынша ол 7 жылға сотталды.

Бердах Бекетов Қаңтар оқиғасында «жаппай тәртіпсіздік жасады» деп айыпталған еді. Полиция Бердах Бекетовті 2022 жылы 22 қаңтарда көшеден ұстап, алып кеткен. Оған «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Бердах Бекетов тергеу изоляторында отырып үш рет хат жазған. 25 қаңтардағы хатында прокурорлар сөзін тыңдамай жатқанын, азаптау көріп жатқанын жазып, көпшіліктен араша болуды сұраған. 2 наурыздағы хатында кінәсіз екенін жазып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша болуын сұраған.

ҚАЙРАТ ҚҰДАЙБЕРГЕН

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды. Құдайберген 2022 жылдың сәуір айында ұсталды. Ол жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, сондай-ақ Жұмагелдиевпен байланыста болды деген күдікке ілінген. Оған мемлекеттен берілген марапаттар қайтарылды.

Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 2024 жылдың 22 сәуірінде ұсталған еді. Сол жылы 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі үздіксіз ұзартылып келді.

РУСЛАН ЫСҚАҚОВ: 15,6 ЖЫЛ

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовқа да үкім шықты. Ысқақов бұрын сотта Қаңтар оқиғасы кезінде оған Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді.

Сонымен қатар Руслан Ысқақов Арман Жұмагелдиевті қамау туралы нұсқау шетелден түскенін айтты. Алайда қай елден екенін ашып сөйлемеген.

ДИКИЙ АРМАН

Дикий Арман лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды. Жұмагелдиевке Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап кетті деген айып тағылған болатын. Былтыр 21 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын-ала тыңдау аяқталған.

«Дикий Арман» лақап атымен танылған криминал авторитет Арман Жұмагелдиев 2022 жылы 7 қаңтарда ұсталған.

Аталған іс бойынша тағы 40 адам сотталды. Олар өтіп жатқан сотталушылардың көбі сот үкімімен 1-2 жылға бас бостандығынан айырылды.Олар бұл мерзімдерді 2022 жылдың қаңтарынан бастап тергеу изоляторында өтегендіктен, 40-тан аса сотталушының кейбірінің сот залынан босап шығатын түрі бар.

Другие новости

Back to top button