ГлавноеГосорганы

Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау ісі бойынша ҰҚҚ 11 қызметкеріне қатысты үкім шықты

Алматыда ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұма күні тараған ақпаратқа сүйенсек, сот 11 адамның біреуін ақтап, біреуіне 5 жыл түрме жазасын берді. Үш адам шартты жаза алған.

Сот үкіміне журналистер қатыстырылмаған. Соттың прокурор сұраған жазадан да жеңіл жаза бергені айтылады.

 

Адвокат Гүлнар Жуаспаева соттың мұндай шешім шығарғанына наразы. Ол Қаңтар кезінде азаптау ісі бойынша 10-нан астам жәбірленушінің мүдделерін қорғаған. Оның айтуынша, қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімді ашық режимде жариялауды көздейді.

Бұл іс бойынша 54 жәбірленуші деп танылған және бір адам қаза тапқан – Ербол Өтепбаев.

Бұған дейін прокурор Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша ҰҚК-нің 11 қызметкерін үш жылдан бес жылға дейін түрмеге жабуды сұраған

Другие новости

Back to top button