Госорганы

Қанша қазақстандықтың шетелде мүлкі бар екені анықталды

Қазақстандықтардың шетелде қандай мүлкі бар екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы үш жылда 2 миллионнан астам адам декларация тапсырған. 3 мыңға жуық қазақстандықтың 71 елде жылжымайтын мүлкі бар екен.

1000-нан астам қазақстандық ақшаларын 80 елдің банкінде сақтаса, 21 елде 93 жеке тұлғаның 161 зияткерлік меншік объектісі бар екен.

Бір жарым мыңға жуық отандасымыздың 67 мемлекетте көлігі тіркелген.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды.

Другие новости

Back to top button