«Қанды ішіп бітті»: Тәуекел Мүсілім жол қозғалысындағы айыппұлдың көбейгеніне ашуланды
Танымал актер Тәуекел Мүсілім жол ережесіне қатысты айыппұл санын көбейткендерге ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кино жұлдызы айына 2-3 рет айыппұл төлейтінін жасырмады.
“Мына камералар қанды ішті. Айына тұрақты 2-3 айыппұл келеді. Қазақстанды 50 жыл басып озған Америкада біздегідей көп камера жоқ”, – деп жазды актер.
Еске салайық, желтоқсан айынан бастап, орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынатынын жазған едік.
“Әрбір үшінші жүргізуші трассада жылдамдықты шектен асырғандықтан қаза болады. Соны ескеріп ІІМ жаңа өзгеріс енгізді. Енді халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда жүретін жүргізушілер бақыланады. Автоматты анықтау жүйелері арқылы түзу учаскелерде «орташа жылдамдығы» қанша екенін анықтайды. «Орташа жылдамдық» жүріп өткен жолды уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл орташа жылдамдықтың асып кетуіне байланысты 5 АЕК-тен (19 660 теңге) 40 АЕК-ке (157 280 теңге) дейін болады”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін, Алматыда ауаға шамадан тыс зиян қалдықтар шығарған көліктер тексеріліп, айыппұл арқалайтыны туралы жазған едік.