ГлавноеГосорганы

Қандас мәртебесін алуға мобильді қосымша арқылы өтініш беруге болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру ережесінің жобасын әзірлеп, жария талқыға ұсынды. Мұнда этникалық қазақтар қандас мәртебесін алу үшін мобильді қосымша арқылы өтініш бере алады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Құжат жобасын талқылауға 17 мамырға дейін қатысуға болады. Ұсынылған жоба бойынша «Құтты мекен» ақпараттық жүйесінің жанынан әзірленген мобильді қосымша арқылы қандас мәртебесіне өтініш тастауға болады. Ал егер өтініш иесінде мұндай мүмкіндік болмаса, ол бұрынғыша Қазақстанның шет елдердегі мекемелері арқылы құжаттарын өткізе алады.

Бұл ретте этникалық қазақтар Қазақстанға келудегі мақсатын көрсетуі керек. Мысалы, отбасымен, мұндағы туыстарымен қауышу себептерін алға тарта алады. Ол үшін туыстығын растайтын құжаттарды, жұмысқа тұру үшін келетіндер жұмыс берушілерден бос жұмыс орнына жұмысқа орналасуға растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

2023 жылы қандастарды қабылдауға арналған 1 925 өңірлік квота, қоныс аударушыларды қабылдауға арналған 6 727 өңірлік квота беру жоспарланған болатын.

Другие новости

Back to top button