Қамалған Марат Әйтеновтің бірінші жұбайы оған болысып, мәлімдеме жасады
Әйелін үйден балаларымен қоса қоқан-лоқы көрсетіп шығарып жіберген Марат Әйтеновтің бірінші жұбайы Ләйлә Мирас іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Құрметті достар, желі қолданушылары, БАҚ өкілдері, осы видеоны көргендердің барлығына айтарым: менің атым Лейла Мирас, мен Марат Әйтеновтің бірінші жұбайымын. Бүгінде Марат Әйтеновті барлық әлеуметтік желі беттерінде айтып жатыр. Мен сіздерден көмек сұрағым келеді. Барлығының дүрбелеңіне ермей, сыни ойлауды сақтауға шақырамын. Құқық қорғау органдары қоғамдық қысымсыз істің мән-жайына терең үңіліп, тергеуі керек. Мен қазір оқиғаға баға бере алмаймын. Бірақ менің балаларыма қатысты Марат Әйтенов әркез қамқорлық пен мейірімділік қана көрсетті. Оларға ешқашан қол көтерген емес. Тәрбиеге келгенде зорлық-зомбылық әдістерін қолданған емес», — дейді Мирас.
Оның айтуынша, Дананың (Әтешева) түпкілікті мақсаты мен талабын түсінбеген.
«Оның талабы әркез өзгеріске ұшырап отырды. Үй мен пәтер немесе үй, пәтер және 200 млн теңге. Қағаз жүзінде олар Марат өз тарапынан қол қоятын медиативтік келісімге келе алмады. Мен өзім білген дүниені айтып отырмын. Менің балаларым әлеуметтік желіде бауырларының мұрны қанап, паникалық атакаға түскенін көрді. Екі күн менің балаларым осы себептен жылап жүр. Кіші қыздың мұрнынан қан кеткен себебі үйде қапарық, ыстық болған. Сол себепті мұрнынан қан кетті. Әкесі оған зорлық-зомбылық көрсетпеді. Оның мұрны жиі қанайды, оны мен де білемін. Бізге жиі қонаққа келетін. Балалардың әкесі оларға тиіспеді», — дейді ол.
Ләйлә Мирас бұл істі қарау кезінде қоғамнан араласпауды сұрады.
Еске салсақ, 12 шілде күні Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайын балаларымен бірге үйден сүйреп шығарып жатқан видеосы тараған еді. Кейін марат Әйтенов бұл әрекеті үшін 5 тәулікке қамалды.