Главное

«Қалың малым 10 миллион теңге»: Трансгендер Амилайдың шай құйып отырған видеосы тарады

Танымал блогер, трансгендер Амилай келін болып, шай құйып жүрген видеосын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы жеке парақшасында келін болудың қызығы мен қиындығын бөлісті.

«Қалың малым – 10 млн тенге. Шыныменде тарихта қалатын хайп сценарийлардың бірі.  Алиби екеуміздің арамызда ештеңе болмады және пайда болмады да. Алиби менің күйеуім деп ойлағандар, тоқтаңыздар! Бұл бірге жасалған тек коллаб. Жай ғана ойдан құрастырған сценарий болған», – деп жазды ол.

Сөзінше ойдан құрастырылған сценарий болса да, өзін бақытты сезінген.

«Бірақ мен сол күні өзімді ең бақытты сезіндім. Себебі келін болу, абыроймен тұрмыс құру әр қыздың арманы емес па?! Сол кезде түсінгем жаңа түскен келінге оңай емес екенін. 10-20 адамға шәй құйып берудің өзі азап екен. Енді біттім құйып деген кезде ең бірінші құйып берген адамың шәйін ішіп тағы кесесін береді. Солай кезек кезек карусель болады. Сонымен енді жынысымды ауыстырғандықтан толықтай келін болуға лайықпын», – деді Амилай.

Еске салайық, «Нағыз қызға айналдым” деген трансгендер Амилай шетелде ота жасатқан еді.

Другие новости

Back to top button