Госорганы

Қалаға қоныс аударғандар арасында 30 жасқа дейінгі жастар 2-3 есе көп

Ауылдан қалаға көшетіндер арасында 30 жасқа дейінгі жастар қатары 2-3 есе көп. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған 2023-2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы туралы құжатта көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазіргі уақытта ауылдың маңызды әлеуметтік мәселелерінің бірі -жастардың қалаға ағылуы. 30 жасқа дейінгі жастар ауылдан келген мигранттар ағынының жартысына жуығын құрайды. Осы жастағылар ауылдан қалаға көшетін жалпы ауыл тұрғындарның көлемімен салыстырғанда 2-3 есе көп. Көші-қонды да, ауылдағы өмір сүру жағдайларын да анықтайтын негізгі проблема жастарды жұмыспен қамту мәселесі. Жұмыссыздық проблемаларын шешудің жалғыз тиімді әдісі — бұл жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру саясаты. Бұл тек экономикалық өсім мен агросаланың жедел дамуы жағдайында ғана мүмкін», — делінген қазіргі қалыптасқан жағдайға жасалған талдау мәліметтерінде.

 

Ведомство келтірген дерекке сәйкес, қазіргі жастардың көбі жұмыс берушінің талаптары мен жалақы мқлшеріне келісе бермейді.

 

«Әлеуметтанушылар жүргізген барлық дерлік зерттеулер ауыл жастарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларға өте сезімтал екенін көрсетеді. Қазіргі жастардың алдынғы буыннан айырмашылығы бүгінгі ұрпақ нарықтағы еңбек режимімен келіспейді және төмен жалақыға төзбейді. Егер жұмыс перспективасы және қазіргі заманғы өмір стандарттары бойынша өркениетті болса, жастар ауылдан кетпейді», — деп жазылған тұжырмдамада.

Другие новости

Back to top button