Главное

Қайрат Сатыбалдыға қатысты өзге істер де тергеліп жатыр – Антикор

Жемқорлардан мемлекетке 600 млрд теңге қаржы қайтарылған

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Сенат отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Келер жылдың басында тұңғыш президент пен оның туыстарына қатысты заңның күші жойылатыны белгілі.

Антикор өкіліне Елбасы туралы заңның күші жойылғаннан кейін Назарбаевтың басқа туыстарына қатысты қылмыстық істерді күту ықтималдығы туралы сұрақ қойылды.

«Қазір әлдене деп айту қиын. Заңнамалық нормалар бар екенін түсіну керек. Дәлелді негіз болуы керек. Барлық шешілетін мәселе құқықтық өріс аясында жасалады. Мұны бәрі түсінуі керек. Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Кеше біз баспасөз қызметі арқылы ресми ақпарат ұсындық», — деді Сарқұлов.

Сондай-ақ ол Қайрат Сатыбалдының қаражаттар мен бағалы заттарды қайда сақтағанына тоқталды.

«Ол өзінің жекеменшігі. Өзінің жеке мүлкі. Олардың қайда сақталғанына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Ең бастысы, олар мемлекетке қайтарылды», — деді Ұлан Сарқұлов.

Оның айтуынша, қазір бар қылмыстық істер бойынша жалпы активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Агенттік бұл жұмысты іске асыруда. Актив, қолма-қол ақша ретінде 600 миллиард теңгеден астам қаржы мемлекет бюджетіне қайтарылды», — деді ол.

Другие новости

Back to top button