Госорганы
Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/09/87bb00c9460c46deaf8e02a378adb3f9-780x451.jpeg)
Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне 26 қыркүйек күні Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді.
2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты, – деп хабарлады сот.
17 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын хабарлады. Ведомство квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.