Социум

Путиннің тактикалық ядролық қаруы Жапонияға тасталған атом бомбасы сияқты соққы беруі мүмкін

Шетел жаңалықтарына шолу

Украинада өз әскері шегінгеннен кейін Ресей президенті Владимир Путин тағы бір рет ядролық қаруға, оның ішінде, алдымен тактикалық қаруға жүгінемін деп қорқытқаны белгілі.

Америкалық ғалымдар федерациясының мәліметінше, ресейлік қару-жарақ жүйелерінде 4477 ядролық қару бар. Оның 1900-ге жуығы – тактикалық ядролық қару.

Бірақ тактикалық ядролық қару дегеніміз не және ол стратегиялық ядролық қарудан қалай ерекшеленеді? Бұл туралы Azattyq Ruhy шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Тактикалық қару белгілі бір ұрыс алаңында қолдануға арналған. Мәселен, оларды теңізде қолданса, танк колонналарын немесе тасымалдаушылардың жауынгерлік тобын жоюға болады. Оның жарылыс күші 10-нан 100 килотондық динамитке дейін жетуі ықтимал.

Ал Ресейдегі ең қуатты «стратегиялық» ядролық қарудың жарылыс күші 500-ден 800 килотонға дейін жетуі мүмкін. Яғни, бүтін бір қаланы жойып жіберуге қауқарлы.

Десе де, тактикалық қарудың өзі алапат зардабын тигізуі мүмкін. Бұған 1945 жылы АҚШ Жапониядағы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын лақтырғаны дәлел.

АҚШ үкіметінің мұрағатына сәйкес, Хиросима мен Нагасакидегі алғашқы жарылыстарынан бірден 70 000, артынша 35 000 адам қайтыс болған. Сондай-ақ  ондаған мың адам радиацияның әсерінен көз жұмған.

Нью-Джерсидегі Стивенс технологиялық институтының ғылыми және технологиялық зерттеулер жөніндегі директоры Алекс Веллерштейн ядролық қарудың нақты айырмашылығы оның жарылыс қуатында емес, пайдалану мақсатына байланысты дейді.

УКРАИНА ӘСКЕРІ ЖАСЫРЫН ТҮРМЕЛЕРДІ ТАПҚАН

Украинаның қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, оккупация кезінде ресейліктер жергілікті тұрғындарды қамауға алу және азаптап жауапқа алу үшін арнайы орындар дайындаған. Харьков облысындағы Шевченково ауылындағы мұндай камераларды қазір тергеушілер зерттеп жатыр.

Прокуратура бейбіт тұрғындар мен өз еркімен келген ресейлік әскери қызметшілерге қатысты азаптау фактілері расталды дейді. Олар Ресейді қолдамағаны үшін қысым көрген.

Украиналық тергеушілер әскери комитеттің жертөлесінде қанша адамның түрмеде отырғанын әлі айта алмайды. Жергілікті тұрғындар кей көршімізді әскерилермен сөйлескеннен кейін көрмедік деп отыр.

Киев Ресейді әскери қылмыстар жасады деп айыптайды және жиналған дәлелдемелерді Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотқа беруге уәде берді.

Ресейдің бақылауында болған аумақтардағы оккупациялық түрмелерден басқа, жаппай жерлеу орындары табылды. Олардың бірі Изюм қаласынан табылған. Онда 450-ге жуық адамның, оның ішінде 200-ден астам әйел мен бес бала эксгумацияланды. Онда жерленгендердің барлығы дерлік бейбіт тұрғындар, өлгендердің көпшілігінде зорлық – зомбылық белгілері бар.

BRENT МҰНАЙЫНЫҢ БАҒАСЫ 11 ҚАҢТАРДАН БАСТАП АЛҒАШ РЕТ БАРРЕЛІНЕ 83 ДОЛЛАРДАН ТӨМЕНДЕДІ

Brent маркалы мұнай бағасы 2,6% арзандап, барреліне 82,82 долларға дейін төмендеді.

Сонымен қатар WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 2022 жылдың қараша айында 2,77%-ға, барреліне 76,56 долларға дейін арзандады.

КУБА ТАРИХИ РЕФЕРЕНДУМ ӨТІКІЗІП, БІРЖЫНЫСТЫ НЕКЕНІ ЗАҢДАСТЫРДЫ

Кубаның сайлау кеңесі ұлттық референдумда дауыс беруге құқығы бар адамдардың 74,1%-ы дауыс беруге келді деп мәлімдеді.

Берілген дауыстарды санау нәтижесінде 94%-ы «иә» деп жауап берген. Бұл 3 936 790 азамат.  Ал 1 950 090 «қарсы» дауыс берген.

Енді жаңа отбасылық кодекс әйелдерге, балалар мен қарттарды қорғауға айрықша басымдық береді. Сонымен қатар ЛГБТ жұптарына үйленуге және бала асырап алуға мүмкіндік бермек.

БАНГЛЕДЕШТЕ ЖЕКСЕБІ КҮНІ СУҒА БАТЫП КЕТКЕН КЕМЕДЕГІ АДАМДАР ӘЛІ ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТЫР

Бангладештің солтүстігінде Қаратал өзенінде паром апатынан қырықтан астам адам қайтыс болып, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті. Сүңгуірлер мен өрт сөндірушілер жұмылдырылған іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жексенбі күні 100-ден астам жолаушыны тасымалдайтын кеме батып кеткен болатын. Ондағы адамдар діни мерекеге орай ғибадатханаға бет алған. Билік оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button