Социум

Путин Украинаға қарсы тағы бір атышулы жарлық шығарды

Шетел жаңалықтарына шолу

Президент Владимир Путин Украинаға тиесілі Запорожье облысындағы АЭС-ті Ресейдің меншігі ретінде тану туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей билігі украиналық атом электор станциясын өзінің мүлкі деп тануды заңдастырмақ. Ресей бұл станцияны жеті ай бұрын басып алған. Ресей оккупациясында болған Запорожье атом электр станциясының украиндық қызметкерлеріне тағы қауіп төне бастады. Украинадан аннексиялап алған аумақтарда «референдум» өткізген соң, Ресей билігі станса мамандарын қол қоюға мәжібүрлей бастаған. Ресейдің «Росатомда» жұмыс істеуге көшу туралы құжаттарға қол қоймаса, Украинаға қарсы соғысуға жіберуі мүмкін екенін айтып қорқытқан. Путиннің жарлығында бірнеше күн бұрын құрылған «Запорожье атом электр станциясын пайдалану ұйымы» АҚ-ның «өз күшімен немесе басқа ұйымдардың қатысуымен» жұмыс істейтіні айтылған.

Сондай-ақ құжатта станса қызметкерлеріне 30 қыркүйекке дейін (Запорожье облысының Ресейге қосылуы туралы келісімге қол қойылған күн) берілген «жұмыс жүргізу құқығына рұқсаттар (лицензиялар)» өз күшін сақтайтыны да айтылған. Украиналық «Энергоатом» жауап беріп, АЭС Украина заңнамасына сәйкес Украинаның энергетикалық жүйесіне жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ олар президент Зеленскийдің жарлығын да еске алды, оған сәйкес Путиннің Украина аумақтарын аннексиялау туралы жарлықтары және оның кез келген басқа шешімдері, актілері мен шарттары жарамсыз деп танылды.

Украинаның аумағындағы бұл станция – Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы. Ол жер 4 наурыздан бастап ресейлік оккупацияда болды. Жазд ортасынан бастап тұрақты атқылау, шабуылдарға қарамастан станцияны әлі күнге дейін украиндық инженерлер ұстап тұр. Ресей билігі АЭС-тегі украиналық инженерлердің көзін құртуға бата алмай отыр, өйткені жаңа мамандарды дайындауға кемінде 8-10 жыл керек.

ЧЕХИЯ РЕСЕЙЛІКТЕРГЕ ҚАРСЫ СОҒЫСЫП ЖАТҚАН УКРАНАҒА КӨМЕКТЕСПЕК

Чехия үкіметі Украинаға ауыр әскери техника жіберетін болды.

Орталық Еуропа елінің қорғаныс министрі Яна Чернохованың мәліметінше, Ресейге қарсы соғысып жатқан украиналықтарға Праға көмектеседі. Прага соңғы мәлімдемесіне дейін де Киевке 4,2 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсеткен. Осы жолы берілетін ауыр әскери техникалардың құны туралы мәлімет айтылмаған.

Бұған дейін Италияның қорғаныс министрі Лоренцо Герини Республиканың қауіпсіздік жөніндегі парламенттік комитетінің отырысында Украинаға әскери көмек көрсету туралы бесінші жарлықтың мазмұнын жариялаған еді. Геринидің айтуынша, Рим Киевке ресейлік күштердің шабуылдарын залалсыздандыруға қабілетті қару-жарақ беруге дайын. Сонымен бірге, Герини биліктің украиндық күштердің осал тұстарын көрсетпеу үшін коммуникативті тұрғыдан жеткізілім туралы ақпаратты жарияламайтынын да ескертті.

АМЕРИКАЛЫҚТАРДЫҢ 70%-ДАН АСТАМЫ АҚШ-ТЫҢ УКРАИНАҒА ӘСКЕРИ КӨМЕК КӨРСЕТУІН ҚОЛДАЙДЫ

АҚШ тұрғындарының көпшілігі Вашингтонның Украинаға әскери көмек көрсете беруін қолдады.

Ipsos агенттігімен бірлесіп жүргізген сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың шамамен 73%-ы Ақ Үйдің Киевке көмектесу саясатын қолдап шыққан. Респонденттер Украинадағы қақтығыстарда ресейлік ядролық арсеналдың ықтимал қолданылуы туралы БАҚ-тағы талқылауларға қарамастан, АҚШ-тың осы бағыттағы әрекетін оң бағалайды. Бұл ретте Демократиялық партияны қолдаушылардың басым бөлігі – 81%-ы, республикашылдар арасында сауалнамаға қатысқандардың 66%-ы Киевке әскери және қаржылай көмек көрсетуді қолдайтынын білдірген.

«МОБИЛИЗАЦИЯНЫҢ НӘТИЖЕСІ»: РЕСЕЙЛІКТЕР ҚАРАЖАТЫН ЖАППАЙ ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРА БАСТАҒАН

Банктегі қаражатын шетелге шығарғысы келетін ресейліктер күрт көбейген. Тіптен олар  қаржысын шекарадан заңсыз жолмен өткізуге үшінде тәуекелдерге баратын болған.

Бұл  жағдай Ресейде мобилизация жарияланғанан кейін күшейген. Ішінара жұмылдыру жарияланған соң  заңсыз ақша шығару барысында ұсталған адамдардың саны да екі есе көбейген. Құқықбұзушылық санының жиілеуі жолаушылар ағынының артуына да байланысты. Кеден бекеті мұның екі себебін анықтаған. Ол ресейлік банктер арқылы ақша аударудың мүмкін еместігі және бірқатар елде ресейлік карталарды пайдалануға шектеу қоюдың да әсері бар.

Осы жылдың 20 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында шекарадан аса ірі көлемде қолма-қол ақшаны заңсыз өткізудің 557 фактісі анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 93%-ға көп. Жалпы сома 63 пайызға өсіп, қарапайым азаматтардың небәрі он күнде шетелге заңсыз шығрамақ болған ақшасы 160,5 миллион рубльге жеткен. Көбінесе азаматтар рубльді негізінен Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Өзбекстанға және Тәжікстанға тасымалдауға тырысқан. Тіркелген заңбұзушылықтар азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмендігі мен ақша аударудың қауіпсіз тәсілдерін білмеуінің салдары дейді мамандар. Ресей заңнамасында шетелге шығатын адам 10 мың АҚШ долларынан артық ақшаны өзімен бірге алып жүре алмайды.

Фото: ТАСС

 

Другие новости

Back to top button