ГлавноеГосорганы

Путин АӨСШК елдеріне көзқарасын білдірді

Бұл туралы АӨСШК елдерінің саммитінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мәлімеді, — деп хабарлайды BAQ,KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Ресей Азияның дамуы мен өркендеуін, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кеңістігін құруды жақтайды.

Жаһандық саясатта күрделі өзгерістер болып жатыр. Әлем көпполярлы болып келеді. Қазіргі таңда Азия шешуші рөл атқара бастады, — деді Ресей президенті Владимир Путин саммитте.

Айтуынша, Ресей АӨСШК-нің бүкіл елдерімен көп қырлы негізде қарым-қатынастарын дамытуды жалғастырады.

Сонымен қатар Путин саммит мүшелерін аймақтағы тауарларды жеткізу тізбегін қалпына келтіру үшін барлық жасанды кедергіні жоюға шақырды.

Другие новости

Back to top button