Выбор редакцииМенің балам (Ұл мен қыз)

Психолог балаға дауыс көтеретін ата-аналарға ашуды ауыздықтаудың екі жолын айтты

Ата-ананың кейде балаға дауыс көтеруі қалыпты жағдай. Алайда психолог ересектерге мұндай жағдайдың жиі қайталанбауын ескертеді. Баланы сөгіп, айқайлау оның психикасына кері әсер етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Психолог Олег Долгицкийдің айтуынша, жөн-жосықсыз айқай мен айтыптаулар баланың психикасына ғана емес, денсаулығы мен оқу үлгеріміне де кері ықпалын тигізеді. Осыған байланысты маман ата-ананың баланың алдында ашуын қалай тізгіндеуге болатынын айтты.

“Көп жағдайда ересектер жеке өміріндегі мәселелер мен стресстің кесірінен ашуын баладан алып жатады. Балаға айқайлап, дауыс көтеруді доғару үшін стресс тудыратын факторлардан арылу керек. Психиканы қалыпқа келтіру үшін ырғақты тіршілігіңізге оралып, кемінде бір жыл барынша тыныштықта болуға тырысыңыз. Балалардың да мінсіз емес екенін, олардың да қателікке бой алдыратынын түсініңіз, қабылдаңыз”, – дейді психолог.

Ашуды ауыздықтаудың тағы бір әдісі – жұмыста және үйде қосымша жұмыстардан бас тарту, өмір салтын өзгертіп, уақытында демалу, дұрыс тамақтану. Салауатты өмір салтымен айналысу да артық етпейді. Психологтың айтуынша, аталалған іс-әрекеттер эмоционалдық теңгерімді реттеуге көмектеседі.

“Егер ашу-ызаға ерік беріп, айналаңыздағы адамдардан ескерту алып жатсаңыз психолог немесе психиатр маманның көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс. Осылайша өзіңіздің де, балаңыздың да денсаулығын сақтап қала аласыз”, – дейді Олег Долгицкий.

Другие новости

Back to top button