Госорганы

«Провокация жасайды»: полицейлерді ұялы телефонға түсіргендерге жауапкершілік күшейеді

Тиісті ережелерге өзгеріс енгізуді Үкімет басшысы Ішкі істер министрлігіне тапсырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың бастамасы

Бұрын аталған бастаманы Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан көтерген. Ол түрлі блогерлер «прокация жасап», полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіретінін айтып, арнайы жауапкершілікті қарастыруды ұсынып, премьер-министрге сауал жолдаған.

Бектенов қолдайды

Олжас Бектенов депутаттарға берген жауабында бұл бастаманы қолдайтынын айтады. Полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіру әрекеті Әкімшілік кодекстің 667-бабымен реттелетіні хабарланады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» заңында қызметкерлердің жұмысына тікелей уәкілетті органнан басқа адамдардың араласуы жауапкершілікке әкеп соғатыны жазылған. «Құқық қорғау қызметтері туралы» заң да бар.

«Құқық қолдану тәжірибесінде құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты провокациялық әрекеттерді жасайтын жекелеген тұлғаларға қатысты күрделі жағдайлар туындайды. Менің тапсырмам бойынша, қолданыстағы заңнамаға қажетті түзетулерді енгізу жөнінде мәселе қарастырылып жатыр», — дейді жауабында Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы сонымен қатар полиция қызметкерлері тренингтерден өтіп жатқанын хабарлайды.

Другие новости

Back to top button