Главное

Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 8 жылға соттауды сұрады

Прокурор Арман Қызыкен Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасын 8 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін соттағы жарыссөз кезінде прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 8 жылға соттауды сұрады. Оның айтуынша, Перизат Қайрат ірі алаяқтықты елдегі төтенше жағдай кезінде жасаған. Дәл осы факт оның қылмысын ауырлататын мән-жай болып саналады. Ал, жазасын жеңілдететін мән-жайлар жоқ дейді прокурор.

Айта кетейік, екінші прокурор Мадина Оразалина тергеу барысында анықталған деректерді айтқан еді. Соның ішінде, 2021 жылдан 2024 жылға дейін «Biz Birgemiz Kazakhstan 2030» қорының атын жамылып, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева шамамен 3,5 миллиард теңге жинағаны белгілі болды. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендергеауыр дертке шалдыққан балаларға және Палестина тұрғындарына көмек көрсетуге бағытталуы тиіс болған.

Алайда айыптаушы тараптың мәлімдеуінше, қаражаттың басым бөлігі жеке қажеттіліктерге жұмсалған: элиталы көліктер, қымбат жылжымайтын мүлік, дизайнерлік киім-кешек, аксессуарлар мен бес жұлдызды қонақ үйлердегі демалыс.

Прокурор бұл қылмысты заңды қызмет етіп көрсетуге мүмкіндік берген схеманың негізгі элементтерін атады:

  • «BizBirgemiz» сынды танымал ұранмен «қайырымдылық» ұйымын тіркеу;
  • Қаражат жинау үшін мұқтаж адамдарды табу;
  • Жұрттың назарын аударатын іс-шаралар мен аукциондар ұйымдастыру;
  • Әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы белсенді қайырымдылық бейнесін қалыптастыру;
  • Қаражаттың бір бөлігін расымен мұқтаждарға беру арқылы сол «бейнені заңдастыру».

Перизат Қайрат пен оның анасына Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр, соның ішінде:

  • аса ірі көлемдегі алаяқтық (ҚК 190-бабы 4-бөлімі 2-тармақ),
  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (ҚК 218-бабы 2-бөлімі 1-тармақ және 3-бөлімі 3-тармақ).

Айыпталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ. Перизат Қайрат жиналған қаражаттың шын мәнінде көмекке жұмсалғанын айтса, оның анасы қаржылық операцияларға қатысы болмағанын алға тартты.

Другие новости

Back to top button