Нур-Султан

Прокурор Марат Әйтеновті сот залынан ұстап әкетіп, 12 тәулікке қамауды сұрады

Марат Әйтеновтің ісіне қатысты сот отырысында тараптар жарыссөзді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокурор жарыссөзді президент өзінің жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылықты қатаң айыптағаны туралы цитатасымен бастады. Прокурор жәбірленушіге айыпталушыдан  4 айлық есептік көрсеткішті өндіруді сұрады.

«Соттан Марат Әйтеновті  Қылмыстық кодекстің 109 бабы бойынша кінәлі деп санап, 12 тәулікке қамауды сұраймын. Сондай-ақ оның жазасын өтеуді Астана қаласының полиция департаментінің арнайы қабылдауында отыруды сұраймын. Айыпталушыны бірден сот залынан күзетпен ұстап әкетуді сұраймын. Мемлекет меншігіне Марат Әйтеновтен сот-медициналық сараптамаға кеткен қаражатты (3400 теңге-авт.) өтеуі сұралады. Жәбірленушіге қатысты 18 460 теңге өтеу сұралады», — деді Б. Әбдіқадіров.

Жәбірленуші тарапынан адвокат Дамир Ишмамбетов те жарыссөз кезінде Марат Әйтеновті оның жасаған теріс қылығы бойынша кінәлі деп тануын сұрады.

«Марат Әйтеновті Қылмыстық кодекстің 109 бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп санап, қатаң жаза қолдануды сұраймыз», — деді ол.

Ал жәбірленуші тараптың екінші адвокаты Әлия Омарова Марат Әйтеновке қатаң жаза қолданып, 25 тәулікке қамауын сұрады.

Другие новости

Back to top button