ГлавноеГосорганы

Прокурор Елжан Біртановты ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Әбішевті де бас бостандығынан айыруды сұрады

Сарыарқа ауданының №2 сотында мемлекеттік айыптаушы ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевті бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біртановты Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында (Билікті асыра пайдалану – AR) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыруды және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айруды ұсынамын. Жазаны өтеу режимі қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде белгіленеді. Біртановқа қатысты үйқамаққа алу бойынша бұлтартпау шарасы қамауда ұстауға өзгертілсін. Жазаны өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі», — деді «Құрмет» мемлекеттік наградасынан айырылсын», — деді сот отырысында прокурор Бауыржан Шекенов.

Ол өз кезегінде Олжас Әбішевті 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Әбішев Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын және өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынсын. Жазаны өтеу режимі қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде белгіленеді. Әбішевке қатысты үйқамаққа алу бұлтартпау шарасы қамауда ұстауға өзгертілсін. Жазаны өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Айта кетерлігі, Елжан Біртанов пен оның орынасары болған Олжас Әбішев 1,5 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктелген болатын.

 

Другие новости

Back to top button