Главное

Профессор Амангелді Айталы өмірден өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері. Философия ғылымының докторы, профессор Амангелді Айталы өмірден өтті, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаралы хабарды Әлихан Бәйменов естіртті.

Ардақтымыз, абызымыз, зиялылық үлгісі, қазақтың қамқоры, дүниетану мен қазақтану ғұламасы Амангелді Айталы ағамыз бақилық болды деген қаралы хабар есеңгіретіп жіберді,

-деп жазды ол.

 

Амангелді Айталы 1939 жылы Ресейдің Астрахан облысы Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген. 1999-2007 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы.

Ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен. Бірнеше ғылыми-көпшілік кітаптардың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.
«Құрмет» белгісі, «Парасат» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің гамотасымен марапатталған.

Другие новости

Back to top button