ГлавноеГосорганы

Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді – агенттік

Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит беруге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл бағыттағы шектеулерге тоқталсақ, тек проблемалық несие болса, онда жаңа онлайн микрокредит алуға тыйым салынады. Елімізде несие алушылардың қатары не себепті өсіп отыр? Олардың банкте бір проблемалық несиесі болса, оны жабу үшін микроқаржы ұйымдарынан жаңа несие алады. Бұл тұрғыда проблемалық несиесі тіркелсе, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы ұсыныс енгіздік», — деді Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере олтырып.

Осы орайда ол бұл мәселе берілетін барлық несие түрлеріне қатысты болатынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, микроқаржы ұйымдарына проблемалық кредиттер бойынша талап күшейтілуі мүмкін.

Биыл сәуір айының басында қазақстандықтардың мойнындағы проблемалық несие 12 млрд теңгеге артқаны мәлім болды.

 

Другие новости

Back to top button