Private Cloud: Қазақстандағы аса маңызды объектілерге арналған қауіпсіз шешім
Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне (АКИАМО) жататын компаниялар саны жыл сайын өсуде. Заң бойынша олар үшін деректерді ел аумағында сақтау туралы қатаң талап қолданылады. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына байланысты мұндай компанияларда қоғамдық бұлттарды әрдайым пайдалану мүмкін бола бермейді. Сондықтан олар үшін деректермен қауіпсіз жұмыс істеудің перспективалы тәсілдерінің бірі — жеке бұлттар болып табылады. Мұндай шешімге қандай компаниялар қызығады? Аталған құрал қанша тұрады? Және ол қанша уақытта құнын өтейді?
Соңғы 4 жыл ішінде АКИАМО санатындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компанияларының саны 385-тен 514-ке дейін өсті. Бұған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері дәлел бола алады. VK Cloud бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Юрий Белов кәсіпорынның АТ-инфрақұрылымы мен киберқауіпсіздігін толық бақылауда жеке бұлттың не себепті барлық нарық құралдары ішіндегі ең қолайлысы екендігін түсіндіріп берді.
«Private Cloud-ты енгізу компанияға виртуалды ресурстарды басқаруға арналған өзінің жеке корпоративтік бұлтын құруға мүмкіндік береді. Мұндай шешімнің қауіпсіздік деңгейі өте жоғары. Бұл ретте қоғамдық бұлттың негізгі артықшылықтары, яғни ақауға төзімділігі, масштабталуы мен стандартты қызмет көрсету моделі сақталады», — деді сарапшы.
«Алматыда клиенттерімізбен өткен мерекелік кеште жеке бұлтқа орналастыру туралы бірқатар сұрақтар қойылды. Бұл көптеген компаниялардың жеке бұлттық инфрақұрылымды құруға мүдделі екенін, алайда әзірге өз мақсаттарына сай шешім таба алмағанын көрсетеді», — дейді Юрий Белов.
Жеке бұлт кімге қажет?
Сарапшы Private Cloud-тың АКИАМО санаты өкілдерімен қатар еншілес құрылымдарына IT-қызметтерін көрсеткісі келетін холдингтерге де қажет екенін айтты.
Сондай-ақ, бұл шешім:
- 30 және одан да көп серверден тұратын жеке IT-инфрақұрылымы бар;
- бұлтты инфрақұрылымды құруға БЖ-ны қажет ететін жеке дерек-орталықтары бар компанияларға қажет.
Жеке бұлттың құны қанша уақытта өтеледі?
Жеке бұлт жобаның бастапқы сатысында айтарлықтай шығындарды талап ететінін айту керек. Бұған жабдық (серверлер, желілік инфрақұрылым), бағдарламалық жасақтама, орнату және баптау шығындары кіреді. Бұл ретте шешімнің жоғары құны интеграцияланған автоматтандыру мен инфрақұрылымды басқару құралдары арқылы оның өмірлік циклы ішінде одан арғы иеленудің салыстырмалы түрде төмен құнымен өтеледі.
«Private Cloud-ты әдетте Enterprise сегментіндегі компаниялар таңдайды. Шағын және орта бизнес көбіне қоғамдық бұлттарды таңдайды», — деді Юрий Белов.
Сарапшының айтуынша, жеке бұлттың өтелу мерзімі — 2-3 жыл. Бұған IT-инфрақұрылымды оңтайландырып, ресурстарды тиімдірек пайдалану арқылы қол жеткізеді.
«Біз клиенттеріміздің түрлі сценарийдегі тәжірибелерін талдай отырып, осы қорытындыға келдік. Әр компаниядағы жабдыққа, бағдарламалық жасақтамаға, инсталляция мен жылдық қолдауға өзіндік жеке құн шығатынын ескергеннің өзінде өтелудің ұқсас мерзімін көреміз», — дейді Юрий Белов.
Жеке бұлттың құрамына не кіреді?
VK Cloud-тың жеке бұлтына виртуалды серверлер, желілер, S3-жады, сақтық көшірме жүйелері, Kubernetes, мәліметтер базасы және қолданбалар маркетплейсі кіреді.
Ресейде бұл шешімді «АвтоВАЗ», «Гринатом» және «Газпром нефть» компаниялары қолданады.
«Қазақстанда біз өнімге деген қызығушылықты байқаймыз. Әлеуетті клиенттерге презентациялар өткіздік және техникалық сипаттамаларды есептей бастадық. Private Cloud-ты енгізу — бұл іске асыруына шамамен бір жыл уақытты қажет ететін стратегиялық жоба. Сондықтан біз әрқашан клиенттермен дайындық жұмыстарын мұқият жүргізуге тырысамыз», — деп қорытындылады Юрий Белов.