Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы республикалық телеарналардың тікелей эфирінен көрсетіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар ҚР Президенті Баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады.