Госорганы
Президент Түркістандағы халықаралық әуежайға барды
Мемлекет басшысы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында халықаралық әуежайға барды. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram каналы хабарлайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жұмыс сапары аясында облыс орталығындағы халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты.
«YDA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан Президентке халықаралық әуежайдың жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндады», — делінген хабарламада.