Госорганы

Президент Тоқаев Астанадағы мектепте баспалдақтан құлаған оқушының оқиғасына қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде мектептегі қауіпсіздік туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, мектепте балалар өздерін жайлы сезінуі тиіс.

“Бөгде адамдардың мектепке кіруіне жол беруге болмайды. Сондықтан білім ошақтарының бәріне дабыл қағу, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Жақында Астана мектептерінің бірінде оқыс оқиға болды. Оқушы ауыр жарақат алды. Бұл жағдай білім ошақтарында қауіпсіздік талаптары толық сақталмайтынын көрсетіп отыр. Әсіресе, көп жыл бұрын салынған ескі мектептер талапқа сай емес”, – деді ол.

Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, мектептердің қауіпсіздігін толық тексеретінін мәлімдеді. Сондай-ақ жаңа мектептердің жобасына мұқият мән беруді тапсырды.

Другие новости

Back to top button