Главное

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды.

1. Ғылым саласындағы елеулі жетістіктері үшін наградталсын:

«Парасат» орденімен

Есімбекова Минура Ахметқызы – Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасының меңгерушісі

Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ионосфера институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері

Қошқаров Серікбай – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ профессоры

Яшков Владимир Александрович – Ғылым және жоғары білім министрлігі «С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры;

«Құрмет» орденімен

Әділханов Тасболат Алпысбесұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бас консультанты

Баймұқанов Мирғали Төлеуғалиұлы – «Гидробиология және экология институты» мекемесінің директоры

Біләлов Дархан Нұрланұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі

Витковская Ирина Сергеевна – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ жетекші ғылыми қызметкері

Демченко Георгий Анатольевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Генетика және физиология институты» РМК зертханасының меңгерушісі

Ершебұлов Зәкір Жаппарұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «OtarBioPharm» ЖШС директоры

Кәкімжанова Алмагүл Әпсаламқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС зертханасының меңгерушісі

Крупа Елена Григорьевна – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Зоология институты» РМК бас ғылыми қызметкері

Күзембайұлы Аманжол – Ғылым және жоғары білім министрлігі «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ профессоры

Қалтаев Айдархан – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі

Серікқанов Абай Серікқанұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының вице-президенті

Сқақов Мажын Қанапиұлы – Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері

Сұраған Дүрбітхан – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі

Тоқбергенов Исмайыл Тасанбиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының бас ғалым хатшысы

Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Ахажанова Индира Әлібайқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «OtarBioPharm» ЖШС кіші ғылыми қызметкері

Еспембетов Болат Аманбайұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасының меңгерушісі

Қабылдин Қосман Маратұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС хлорлау станциясының операторы

Қондыбаева Аида Мұратқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ PhD докторы

Сәрсенбекұлы Бауыржан – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ қауымдастырылған профессоры

Шустов Александр Вячеславович – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС зертханасының меңгерушісі;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілсін

Бакенов Жұмабай Бекболатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі

Жұмабаев Бейбіт Тенелұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ионосфера институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері.

Другие новости

Back to top button