ГлавноеНазначения и отставки

Президент Алтай Көлгіновті қызметінен босатты

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген құжатта.

Айта кетейік, Алтай Көлгінов 2022 жылғы 9 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды.

Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

  • 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен;
  • 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады;
  • 2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары;
  • 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
  • 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды;
  • 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі;
  • 2019 жылдың маусым айынан 2022 жылдың 8 желтоқсанынан дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды;
  • 2022 жылдың 9 желтоқсанынан бүгінге дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды.

Другие новости

Back to top button