Госорганы

Премьер-министр Олжас Бектенов Арал теңізін құтқаруға қатысты жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Орталық Азия елдерінің делегация басшыларымен Аралды құтқару қорының басым міндеттерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Үкіметтің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері, сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді одан әрі шешу шаралары қаралған. Айта кетейік, Қазақстан 2024-2026 жылдар аралығында Халықаралық Аралды құтқару қорының төрағасы болып отыр.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарының, оның ішінде климаттың өзгеруіне байланысты өсіп келе жатқан тапшылығын ескере отырып, қордың алдында Аралға мүдделі мемлекеттерді одан сайын шоғырландыру міндеті тұр. Барлық тараптың мүддесін ескере отырып, Орталық Азиядағы су-энергетикалық ынтымақтастықтың кешенді және өзара тиімді тетігін одан әрі пысықтау қажет. Атап айтқанда, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, жерді қашықтан зондтаудың спутниктік деректерін пайдалану – ынтымақтастықты нығайтуға және су ресурстарының едәуір көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді», — деп жазады үкімет.

Сондай-ақ басым міндеттер қатарында Қордың ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру процесін аяқтау міндеті тұр.

Другие новости

Back to top button