Госорганы

Премьер-министр: Біздің басты міндетіміз – отандық бизнесті қолдау

Премьер-министр Олжас Бектенов өз кандидатурасын қолдағаны үшін мәжіліс отырысына қатысушыларға алғысын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

 

Бектенов атап өткендей, Мемлекет басшысы елдің экономикалық дамуы бағытында нақты тапсырмалар берді және олар орындалатын болады.

«Отандық өндірісті ынталандыру үшін шаралар қабылданатын болады. Қазақстанда өндірілетін өнімнің үлесін ұлғайту қажет. Біздің басты міндетіміз – отандық бизнесті қолдау. Ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалану маңызды. Сондай-ақ су ресурстары, энергия үнемдеу, көлік-логистикалық желі бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз.

AI және жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету шаралары және халықты толғандыратын басқа да мәселелер әрқашан үкіметтің назарында болады. Үкімет еліміздің игілігі үшін жұмыс істейтін болады», — деді Бектенов.

Еліміздің жаңа премьер-министрі Олжас Бектенов туралы жазған болатынбыз.

Другие новости

Back to top button