Главное

Полиция түрмеден шыққан педофилдерді енді өмір бойы бақылауда ұстайды

Қазақстанның ішкі істер министрлігі түрмеден шыққан педофилдерді өмір бойы әкімшілік бақылауда ұстау туралы норма ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті.

«Қазір түрмеден шыққан әрбір педофил сегіз жыл бойы әкімшілік бақылауда болады. Енді бұл мерзім өмір бойына дейін ұзаруы мүмкін. Біз сотқа үздіксіз өтініш түсіріп, оларды бақылау мерзімін ұзарта беруді  сұраймыз. Сот бақылауды жарты жылға деп ұзарта береді. Яғни, біздің болжам бойынша олар өмір бойы есепте тұрады», — деді бүгін Мәжіліс кулуарында ол.

Другие новости

Back to top button